Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
124

Қатырма менiң басымды...
Қатырма менiң басымды,
Ұлғайтпа менiң жасымды –
Бойымда қаным тасынды,
Төбемде көгiм ашынды.
Көтерiп соқты тауларды,
Көмкерiп бақты бауларды.
Көз жасым қоса төккенде
Көңiлiмдi кiмдер аулар-ды…
Қалдырма менiң көңiлiмдi,
өксiтпе менiң өмiрiмдi.
Ашынса-дағы айғайы жоқ,
Құлының едiм қоңыр үндi…
Жылдарға жылдар мiнгескенде,
Жылай да жылай күн кешкенде,
Жылуын жайған жүрегiме
Уақытпенен бiрге өскем бе?…
Көгiме қарап кеңейемiн,
Жерiме қашан өгей едiм?…
Ұлғайған сайын ұлысым шегi
Ұлы жұрт болып көбейемiн.
…Қайнатпа менiң қанымды,
Қинама менiң жанымды.
Қайталағанша əнiмдi –
Қасымда жүрсең нанымды…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇