Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  119


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қыран ұшқан қыран жартас

Қыран ұшқан қыр жартас
Құлауға таяп қалған-дүр.
Қыр арқасын бiр жарқаш
Қыспағына алған-дүр.
Саңғырығы қыранның
Айғыздаған ай бетiн.
Жүрген iзi жыланның
Күлдiреткен күн бетiн.
Қылтанақ жоқ күлтелi
Жалама жүз – жылмағай.
Бытыралы мылтық бiлтелi,
Шаңқ етуге тұрмағай!?
Сезiмi ерен самдағай –
Қыран секем алмағай?…
Көздерiне қан толып,
Құрбандығын таңдамай,
Шеңгелдерiн салмағай…
Қыдия қалған қыр жартас
Қыранға тұғыр болған-дүр,
Кеудеңдегi сырларды аш,
Қожыр тас боп қалған-дүр.
Жарқаштанып сынарсың,
Құламассың – құларсың,
Тағы бiр заман шыдарсың.
Қара тас болып қабарған,
Сен де бiр қыран шығарсың?
Қыран ұшқан қыр жартас,
Жүзiңдi көкке бұрарсың,
«Тəнiме түстi бiр жарқаш,
Тоқтата гөр», – деп сұрарсың…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу