Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  200


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ежелгi жауы жоңғар болған...

Ежелгi жауы жоңғар болған,
Жоңғарға жарақ қамдар болған,
Жорықтың атын таңдар болған,
Қайран да менiң қазағым!
Отарлаушысы орыс болған,
Отының басы қорыс болған,
Орманы тоң-торыс болған,
Қайран да менiң қазағым!
Өзгеге кiлең пенде болған,
өзiнде барға кенде болған,
Артық та болған, кем де болған,
Қазағым, менiң қазағым…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу