Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
136

Қайран менiң, қараша үйiм жатаған...
Қайран менiң, қараша үйiм жатаған.
Қайран менiң, аурушаң ата-анам,
Қауышарға бұлт көшедi қаладан,
Жолығарға жол асады жотадан.
Сағыныш па, сары мұң ба – сарыуайым,
Шаншып өткен жүрегiмдi қармайын.
Қабырғадан қақырады қараорман,
Жапырақтай шашылады тал-қайың.
Үй орнында үйелеген үйiндiм,
Үрiмiме бұйырғанға күйiндiм,
Көк өгiздiң мүйiзiнен көрем бе?
Құдiретi күштi, өзiңе сиындым.
Қайран менiң, қараша үйiм – жатаған,
Қайран менiң, аурушаң ата-анам,
Қайран ауылым қара бiр күш отаған,
Құрбандыққа бiр-бiр малын атаған…
Қайран менiң қара ошағым оты аман!…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇