Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  120


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

…Көзiмдегi сөзiмдi,

…Көзiмдегi сөзiмдi,
Оқып қалды кiшкенем.
Шайқы-бұрқы кезiмдi,
Тоқып қалды кiшкенем.
Жүзiн шалды уайым,
Жүдей қалды кiшкенем.
Айыбымды жуайын,
Ақылсыз бас, пiспеген…
Кiп-кiшкене жүректiң
Ауыр соқты қайғысы,
Қуанышын тұл еттiң,
«Төрт түлiгi сай кiсi…»
Балалықты бiр демге,
Ұмыт қылды кiшкенем.
Сəби ғой деп жүргенде,
Сынап тұрды кiшкенем.
Құлдыраған құлыным,
Мұң ұққаннан қорықтым.
Кеудемдегi бiр үнiм,
Құмыққаннан қорықтым…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу