Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  137


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Ұғатұғын мұңды əндi..

Ұғатұғын мұңды əндi,
Ұяң мiнез кiм қалды?
Жұмбақ айтқыш жұлдыз бен
Ұяты аз түн қалды…
Тыңдай-тыңдай мұңды өлең,
Қарыс белден сынды емен.
Құлап түстi көлеңке –
Көрсетпеген күн берен…
Мен қарадай мұң құштым,
Көл жағалай құм құштым,
Бархан басты өкпемдi –
Неткен өмiр сүргiшпiн…
Самғағаны – самғаған,
Көкте ай қайда маңбаған?…
Бiр көлеңке, бiр ақ нұр,
Кiм, жүрегi тоңбаған…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу