Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
133

Тамшы тұр iлiнiп бұтаққа.
Тамшы тұр iлiнiп бұтаққа.
Қоңыр күз, жанымды жұтатпа.
Мұң толы жүрекпен ұйыдым
Сен айтқан толассыз лұғатқа.
Құлағым тiгемiн сазыңа,
Жасай бер жаһанға базына.
Тек менi жұтатпа, қоңыр үн,
Асыққан армандай жазына…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇