Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  144


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Iшiн тартты айнала...

Iшiн тартты айнала,
Жел жылжыды жай ғана,
Қу жаныма таяныш
Боздай қашты Ай алыс.
Сiлтiдейiн тынып тұр,
Жүдеу өңдi тымық қыр.
Көрiнбестен көзге алыс,
Көк түбiнде қозғалыс.
Бұрқақтанар бұлттың,
Жыртысын кiм жырттың?
Ұрынуды ұмыттың,
Оянғаны-ау жылттың…
Ұлы ендi, аш үн,
Жайрап түссiн жасын.
Тарлан ашсын тағы,
Қайту көрмес бағы.
Жанымды жеп жегi,
Үңгiдi ғой тегi.
Астаң-кестең етшi,
Аспанға алып кетшi.
Ай қасына барайын,
Тағдырына жарайын,
Талқысына түсейiн,
Тамшысынан iшейiн.
Топырағына түсейiн,
Тарысындай пiсейiн.
Ұлып жатыр аш үн.
Ұлар ықтар тасын…
Астаң-кестең етшi,
Аспанға алып кетшi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу