Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  118


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Мынау таудың өзенi...

Мынау таудың өзенi
Бетiмiзге тамшы ұрар.
Оттан да ыстық өзегi
өлең кiмге қамшы ұрар…
Шерiмдi отқа қарсадым.
Шеменiңдi Сен шығар…
Үнсiздiктен шаршадым:
«Бiр бақытым кем шығар?»
Өттi бiр күн жаңбырлап.
Ертең бiз де жылармыз.
Өгейсiнген өндiр бақ
Сыңар жiгiт, сыңар қыз…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу