Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  123


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жарқабақты су шайды...

Жарқабақты су шайды –
Жалп етпесе не еттi?
Жардың жүзiн жас шайды –
Жарқ етпестен кеттi…
Жалбыз құшып жығылдым –
Жыламасам не еттi?
Кеудеме, өксiк, тығылдың –
Жаннан жылу кеттi…
Толқын тептi толқынды


Тоқтап қалса не еттi?
Көтермей, ми, солқылды –
Қаным тасып кеттi.
Кеуiп жатыр кең арна –
Кеме қалса не еттi?
Өлiп жатсам болар ма –
Өгейсiнген кеттi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу