Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жүрек тұсымда шаншу бар...

Жүрек тұсымда шаншу бар.
Жүрген жерiмде қаңқу бар.
Шаншу менiң тəнiмдi ауыртты.
Қаңқу менiң жанымды ауыртты.
Көргенiмнен көрмегенiм көп екен.
Қу жаныма өлмегенiм сеп екен.
Шаншу деген – қарып түсер шоқ екен.
Қаңқу деген – қағып түсер оқ екен.
Қаңғыған оқ қай жағыңнан жетедi?
Шаншу мүмкiн жазым қылып кетедi.
Жан дегенiң – жалп ететiн жарық та,
Жүрек деген – бiр жапырақ ет едi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу