Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  152


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Күзуін желі

Күзуiн желi желiгiп,
Күдерi белдер күреңiттi.
Төбенi түйер келi ғып,
Тəңкi бiр мiнез жүре бiттi.
Табиғатым да өзгердi,
Тамаша кезде ел қуаныпты.
Бəрiн де көрер кез келдi,
Темiрдей төзiм туа бiттi.
Күзуiн желi, төзiмдi
Талқыға салып көремiсiң?
Көк аспан болып көзi мұңды,
Күрсiнiп салдым өлең үшiн…
Кеудемдi қарып тоңдырардай,
Жүректе жырдың лебi де жоқ.
Айналам тегiс омбы қардай,
Ентiккендей ме Ебi де кеп?
Суырлы тауды суық алды,
Сай-сала болып серуенi.
Қанаттыны да қуып алды
Күзуiн желдi кiм бiлiптi?
Күзуiн желдi кiм бiлiптi?
Өзгерген бүгiн табиғатым.
Өзекке құйып мың күдiктi,
Өзгерген өзiн тани ма ақын?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу