Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  159


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Кеш қақтым есiгiңдi, кешiр, жаным...

Кеш қақтым есiгiңдi, кешiр, жаным,
Кiнəсiз құлазыды-ау жесiр жаның.
«Жесiр» деп сөйлегенге кешiр менi
Баяғыдан бiлемiн есiң барын…
Бойжеткенсiң баурайда тобылғылы,
Торы жүзден төгiлдi көңiл мұңы.
Өкпеңдi өзiме айтып тарқатпасаң,
Таңғы түс тəрiздi ғой өмiр мұңы.
Кей-кейде кезбе күндей саяқ кетем,
(Қорықтық iшкен қойшы тоятты екен…)
Дəруiшiң далада жүргенiнде
Қорқыныш нешеме сан оятты екен…
Есi бар кiресiлi-шығасылы,
Бiлмейдi ағайын-жұрт мұны əсiлi.
Дəруiш дана болып кеш оралды:
«Кеш, – дедi, жарық Көзi, мұң асылы!..»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу