Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  92


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Төрткүл əлем төсiнен баспана тап...

Төрткүл əлем төсiнен баспана тап,
Қол-аяғың қайтейiн босқа матап.
Ауылымның аз-мұз күн дəмiн татып,
Елеңдейсiң еншiң боп астана жақ.
Барсаң – барғын, миыма маза бергiн,
Түкпiрiнен жаныңның аза көрдiм.
Торға қамап ұстаған тотым үшiн
Тағдырымнан келмейдi жаза көргiм…
Алдың – ашық, ұша ғой, айналайын,
Ойсыраған орныңда ойланайын.
Жүрегiмдi сыздатқан бəлекеттi
Ұмытам деп ұзақ күн жаяйын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу