Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  111


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Шыр жинаса шырайланар шоқ тоғай,

Шыр жинаса шырайланар шоқ тоғай,
Қара балта жұмсағанға бопты оңай.
Қағырланып қалар ма екен қара орман,
Қара құйын жонсауыма соқпағай.
Ертiс бойын емген елдiң есi бар,
Табиғатқа теген салып несi бар?!
Дуандағы дау-дамайды таста да,
Баяжанға барлығың да көшiп ал…
Екiталай – молаяр ма қарасын,
Екiтүгей ат мiнер ме алашым?
Ертiс бөгер Есенғұлдың бостаны
Ел-жұртына аттандырды баласын.
Үрендесiн үйде ұстайтын қалалық,
Көңiлiнде бiр түйткiлi бары анық.
Тұржауынға ұқсап қалар тұс осы
Тiршiлiктiң тұқылынан жаралып.
Тəкбiрiңе тоқталмайтын топ құйын
Таз бiткеннiң тiтiрентiп өттi үйiн.
Қағырланып жатыр бiздiң қара жұрт,
Қаһарыңның құны қазiр көк тиын…
Таз қалыпқа түсiредi бұ заман,
Заманыңнан қайсың барсың ұзаған?
Шүкiр деймiн, шулап жатыр шоқ тоғай,
Түбi менi тартатұғын түз аман…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу