Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
205

Төзе алмаймын...
Төзе алмаймын –
Бар төзiмiм таусылды,
Тынып жатқан таулар жұтты даусымды.
Шапанымның шалғайын жел қаусырды,
Соққан құйын мазаң еттi маусымды.
Төзе алмаймын –
Тентiреуiм жеттi ендi,
Теңiз кешiп, тесiк еттiм өкпемдi.
«Өзектегi өкiнiш» деп өткендi,
Күтсем бе екен көзiм жаулар көктемдi?
Төзе алмаймын –
Ендi шыдар жоқ халiм,
Қара мылтық төндiрсе де оқпанын,
Серт ұстаған сайласа да сақпанын,
Жетер ендi лаққаным.
«Шыда», – дейсiң,
Шыдам бiттi, шырағым,
Құдайымнан қолдау ниет сұрадым.
Бетiмдi ендi құбылаға бұрамын,
Көзiме iлмей көңiлiмнiң құрағын…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇