Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
160
Жапан дала.
Жапан дала.
Киiз үйде қарсы алар апам ғана.
Күйсеп жатқан қотаннан жынын шашып,
Бiр жынданып қоятын атан дара.
Құйма тұяқ өкiлi құнан ғана,
Құйрық-жалын тарадым күмəндана.
Жалғыз жүйрiк осы ма жерде қалған,
Маған неге жетпедi мұраң, дала?
Қабағыңа қарайтын қойшы бала
Уайымын уəжбен жойшы, дала.
Жалғыз түйе, жалғыз ат, жалғыз шопан
Мəн берместен мəз-мейрам тойшы қала…
Жүйкемдi жегiдей жеп арасалмақ,
Көңiлiм күнмен қалай жараса алмақ?
Төрт түлiктi алдына салып кеттi,
Дала ханын қалалық қараша алдап.
Жапан дала – жүрегiм, жұбанышым,
Жұтағасын қалтырап тұрады iшiм.
Дала бiреу, қала көп, қайран қара ұл,
Қайшылығын тiрлiктiң ұғамысың?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter