Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  126


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бұлттарды бұлттар қуады...

Бұлттарды бұлттар қуады,
Бұлттарды бұлттар буады.
Бусанып алып бəсiмен,
Биiктiң басын жуады.
Алматы тəнiн кiм жусын…
Күн ғана көктен нұр құйсын.
Көкшуда болған көп завод,
Түтiн басыңды шұлғисың.
Құр кеуде ысқа малынсын.
Келмей ме саған əлiм шын,
Сен бұлтқа мойын созасың,
Бұлт саған қайдан жалынсын?!
Бұлттар-ау, бұлттар, қона кет!
Қамығып жүрмiн қала кеп.
Даланың бұлты боларсың,
Сағынып жүрмiн «дала» деп.
Бұлттардан бұлттар қашып па?
Бұйырмас жаққа асықпа.
Қолыма қонбас бақыттай
Қанымды менiң тасытпа,
Жанымды менiң жасытпа.
Бұлттарға бұлттар өкпелi,
Түсiне алсын көк ненi?
Күрсiнiп салған сəтi ғой
Аумалы да-төкпелi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу