Өлеңдер ✍️
Қоштасу
Сапар алыс білесің…
Асығыстау аттандым.
Төгілердей тұр едім,
арнасынан аспанның.
Анау менің шығысым жанарында жасы бар,
Ал мынауың батысқа бату үшін қашқан күн.
Қоштаспайын сенімен күрсінгенің жетеді,
Перілермен ежелден періштенің мекені.
Менің күмбез тұғырым –
Сен берік бол!
Есен бол!
«Үйде туып түзде өлу» ер жігітке серт еді.
Күні-түні аңсаймын алты ай алыс жорықты,
Жуса деймін бұлақтар былғанышын өлкемнің
Ай мүйіздеу ерлікті аян еткен болмаса,
Мынау жердің бетінен мекен іздеу не теңім?!..
Торып жүрсің жолымды тағы қандай суық қол,
Намысыма тағы да таңылар ма ауыр сын?..
Қарт жартастар əлі де қайталайды екен ғой,
Еркіндікке шақырған кербұғының дауысын.
Күннен күнге өршіген жүрегімде өртім бар,
Азаматтық дауысым,
намысым бар,
сертім бар.
Аспанымнан бір құйын аласатып өткелі,
Жасқаншақтау боп барат мен табынар көкбөрі!
…Мынау түпсіз орманның керегі не керегі,
Мен көктемге жетпеген күздің бір түп емені
Ертеңгілер таңырқар тау болып бір тұрғанша,
Мынау жердің бетінен шөгіп кеткің келеді.
Шөгіп кеткім келеді …
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter