Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
128
Қойнына бізді түнгі бақ,
Қойнына бізді түнгі бақ,
Жасырушы еді тоңғанда.
Күтетін едім күнде ұзақ,
Асылым, сені сол маңда!
Бір-бірін үлкен тірек дер
Түсінде, мейлі өңінде.
Табысып ынтық жүректер,
Соғады бірге өмірде!
Көнсем де тағдыр-пәрменге,
Қиям ба жатқа өзіңді.
Аялап өтсек арман не,
Арамыздағы сезімді!
Жандардай айтар жоқ сөзі,
Сүйіссек бәрін ұмытып,
Жіберуші еді от сезім
Аяздың өзін жылытып.
Бөлісіп балдай сезімді,
Құшсам-ақ болды өзіңді
Арманға толып құшағым,
Құс болып көкке ұшамын!
Келбетің сенің ақ қардан,
Құшағымдағы тәтті арман...
Жеткенше құстай ұшамын
Өзіңе алыс жақтардан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter