Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  108


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Білем, білем сендей жан табылмасын,

Білем, білем сендей жан табылмасын,
Сезімнің бұл еркіме бағынбасын.
Арамызды бір өзен бөліп тұр-ау,
Өзеннің сол сен арғы жағындасың!
Көмкеріліп келбетің кіл сағыммен,
Қалай ғұмыр кешкенсің мұнша мұңмен.
Әр таң сайын білсем деп хал-жайыңды...
Арғы бетке тұрамын үн салумен.
Енуі үшін балқыта сүйекке де от,
Бірін-бірі сүйетін жүрек керек.
Көпірден де аман-сау өткізеді
Сезіміміз құлатпай сүйеп, демеп.
Бақыттың не екенін сезер ме адам,
Оны-дағы сыйлаған сен ең маған.
Сезімменен селбесіп күн кешіппіз...
Бөгет бола алмады өзен де оған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу