Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
151
Үнсіз егілдің... үкі де тақтың үмітке,
Үнсіз егілдің... үкі де тақтың үмітке,
Мұңыңды бірақ, жасыра алмадың күліп те.
Қайран ару-ай, көз жасын құйып көзеге
Ұсынған ұяң жігітке.
Торығып жүрмін, төңіректің түгел бәрі – қыс,
Мейірімнің менде қалғаны – саған сағыныш.
Дүниені кезіп, жылуыңды іздеп қаңғырып,
Елбе де делбе боп жүрген мен бір дәруіш.
Баяғыдағыдай... емінем ыстық деміңе,
Жоғалтып алып, іздеумен жүрмін сені мен.
Жүрегің, жаным, әлі де «мен» деп соға ма,
Қорғансызым-ай, тілегін маған теліген.
Қай тұста қалып қойғансың өзің, қарағым,
Жүрегім, жаным жай таппай іздеу саламын!
Қайта ашып қарап, әйтеуір сені тапсам деп,
Судырай сусып жабылған жылдар парағын!
... Өзіңнен мәңгі айырылған тұстан баяғы
Басталды менің азабым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter