Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
117
Қауыштырып қалың ел, қауымменен,
Қауыштырып қалың ел, қауымменен,
Жататұғын көгеріп жауынменен.
Ен далада еңсесін тұрған тіктеп,
Теңдесі жоқ Ұлылық ауыл деген!
Енді естірте бастады азат үнін,
Күндіз-түні көрмей бір маза, тыным.
Тамырын ап ауылдан ерте, кеш пе...
Қалаға да көшеді қазақы діл!
Қала ауылдың қасында жіп есе алмай,
Жатыр тірлік көшіне ілесе алмай,
Биіктетіп тұғырын, қанат қомдап,
Жөнелердей қияға іле самғай!
Ертеңі оның бүгіннен көркемірек,
Елестейді ғажайып ертегі боп.
Үрдіске де батыстық илікпейді ол,
Ауыл өзі-далалық өркениет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter