Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  103


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Періштелер әлемі

Тұнжыр көз, бекзат болмыс, әбе мүсін,
Аспан! Қиял, ертегі әлемісің.
Ғафу ет! Сені түгел кеудеме әкеп,
Орнатпақ болған есек дәмем үшін!
Сенің от жанарыңа кезігіп ем...
Жер-мәңгі ғашығыңның өзі білем.
Уызы ақтарылған езуінен
Бәлкім, сол жердің ғашық сезімі-мен!
Өзіңмен рухым бірге, біл, аяла!
Сіңемін түптің түбі нұр-аяңа!
Құс жолын барады, әне, емізгелі
Сүт саулап омырауынан Ұмай-Ана!
Періштелер әлемі-ақ әлемім,
Ұлы ана, асқар таудай әкем едің...
Арылу үшін мұңнан, құлазысам,
Сені ылғи көз алдыма әкелемін.
Тұрасың мөлдіреумен күні-түні...
Аспан, сен адалдықтың ұлы тіні.
Ұйыған Ұмай- тәңір үлгісіне
Ұштасқан жердің көкпен үмітімін.
Біргемін, бір өзіңмен демім де алар,
Ақын ем, сен деп жыры өрілген әр,
“Аспан” деп тыншып, бір сәт көз ілумен,
Өзіңе қарап жатып өлуге бар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу