Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  8787


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Іңкәр бір жасқа толғанда

Кесілді ғой тұсауың
Құтты болсын қадамың!
Ашсын бақыт құшағын
Жайнап көңіл-базарың.
Толдың міне бір жасқа
Сүрінбестен жылжы алға.
Талмай талай қырды ас та,
Шырқа заңғар шыңдарға!
Тəттісің ғой балдайын
Іңкəр қызым, бүлдіршін
Жүзің жайнап əрдайым
Көздеріңнен күн күлсін!
Жамандықтан жерініп,
Жақсылыққа талпынғын.
Тек биіктен көрініп,
Ардағы бол Халқыңның!
Жолың əркез ақ болсын
Нық сеніммен бас алға.
Даңқың асып, бақ қонсын
Осы менің батам да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жазира
Жазира 08.12.2024 11:32
Керемет арнау.... Қаламыңыздан жүрек жарды арнау әндеріңіз төгіле берсін!
Қазына
Қазына 16.08.2024 11:45
1 жас тойға керек

Пікір жазу