Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  316


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Жарқылда, досым, жарқылда...

Таусылма досым, таусылма
Реніш бар ғой даусыңда
Сенімі жұрттың не болмақ?
Мүжіліп кетсе Таутұлға.
Əуелден биік мақсатың
Содан да шықты жақсы атың
Сан түстің сынның тезіне
Куə ғой оған ақ шашың
Аманат еткен бабалар
Ел жайы бізді мазалар
Керек-ақ, керек бұл іске
Махамбет айтқан қара нар
Жанымен қорғар елін ер
Төгілер терің төгілер
Жайлаған былық болса егер
Биіктен анық көрінер
Ұлтына қарап үргендер
Талқыға түсті Тіл мен Жер!
Дос емес саған дос емес
Бастарын бұғып жүргендер
Халықты тонап дəндеген
Жемқорға тисін дəл жебең
Жағаңнан алса нақақтан
ТУРА БИ БАР ҒОЙ АР ДЕГЕН!
Таусылма , досым, таусылма
Алмастай өткір жарқылда!
Сенімі жұрттың не болмақ?
Мүжіліп кетсе Таутұлға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу