Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  148


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Ібілістер

Иектейді маңымды ібілістер
Қолдан келсе пəленің мыңын істер.
Ойларында тек қана алаяқтық
Əділ болса заңыңа жүгініп көр.
Міндетсиді азғындар несін бұлдап?
Оларға ерген тірлігім өкіндірді-ақ.
Алдап,арбап тындырып шаруаларын
Енді мені тақырға отырғызбақ.
Түрлеріне қарайтын адам аяп,
Келіп еді міскіндер жалаңаяқ.
Іштерінің кім білген арамдығын
Жолатпас ем халіне қарамай-ақ!
Бір адамдай ақылды ем,сезімді едім
Қалай ғана байланған көзім менің?
Сүмелектерге алданып сенім артқан
Жетіп жатыр əрине өзімде мін.
Азғындар ғой бетіңе күліп тұрып
Іштерінде жататын жымысқылық.
Бүгін бəрін жүрсіңдер былықтырып
Жазалар кез аз қалды сығып тұрып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу