Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
188
Жолдас болып жақсымен жаманмен де
Жолдас болып жақсымен жаманмен де,
Көтеріліп келемін талай белге.
Біреулердің көрсем де ақ ниетін,
Біреулерді қимадым адам деуге.
Жетіп жатыр əрине менде де мін,
Бергенімнен əлі көп бермегенім.
Өмір атты майданда арпалысып,
Мына жердің бетінде мен келемін.
Таяз жандар көп маған ұнамаған,
Бірақ, бірақ оларды кінəламан.
Əділдікті айтарда кей əлдінің,
Əлсіздігі батады мына маған.
«Достарымның» безсе де бəрі менен,
Шындықты айттым қарамай əліме мен.
Мейлі он есе болса да күшің басым,
Ей, жалғандық, жағаңнан алып өлем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter