Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  140


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Бетперде

Көз алдайтын бет-пердені жамылып
Жүргендер көп жақсы атанып, танылып.
Əлсізді əлді күйдірсе егер нақақтан
Ара түспес ешбірі де қамығып.
Құлқыны мен қу нəпсісін тыя алмай
Шіренгенде жер мен көкке сыя алмай
Өңеш жыртып, көтергенсіп мəселе
Топ алдында сөйлер тағы ұялмай.
Орынтақта шалқаяды кеңседе
Ел үшін іс тындырғандай белсене
«Жемқорларға жол жоқ!» дейді бүлк етпей
Өзінікін көрмегенсіп көрсе де.
Жақсылығы өз басынан аспаған
«Жарылқаушы» билікте жүр қаптаған.
Жымияды көз алдаған бет-перде
Бет-перденің ар жағында басқа адам..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу