Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
110
Қыз-қайың
Бой түзеген ерке қайың, қыз қайың
Сұлулығын мен де бүгін жырлайын.
Кейде ұзақ көз ала-алмай көркінен
Қыз қайыңға сүйсінеміз біз дəйім.
Көктем келсе, сырға тағып, əрленіп,
Ауламызға тұрасың сен сəн беріп.
Бəріміз де аялаймыз бəйек боп
Өссе екен деп бір өзіңе мəн беріп.
Еркелейсің, құлпырасың түрлене
Сен жайнасаң, жайнамаймыз біз неге?
Алтын шашың күн нұрына малынып,
Тіпті ғажап күйге енесің күзде де.
Бой түзеген ерке қайың қыз қайың
Сұлулығын мен де бүгін жырлайын.
Ауламызда көзайым боп тұра бер
Сені көріп, сүйсінейік біз дəйім...
О, қыз-қайың, қыз-қайың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter