Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  105


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Қызылеспе

Мен саған келіп тұрып Қызылеспе
Түсірдім Ерғазының* жырын еске
Бойымды жадыратып керімсалың
Рахатқа бөлендім жылы кеште
Тау ішіне сіңеді ұзын жолдар
Көз тартады су шайған қызыл жондар
Қызылеспе атыңды қайта атасақ
Алақайлап жұртың бар бүгін қолдар
Атажұрты əкемнің туып өскен
Ендеше менің де бұл Қызылеспем
Еңбекші десе біреу байырғы атың
Шығып бара жатқандай бүгін естен
Қызылеспе, армысың, құт мекенім,
Білесің бе көңілдің күпті екенін
Ескерусіз қалдырдық бабалардың
Жұмбақ сырмен қалаған қыш кешенін
Таулар тұр үйірілген басына бұлт
Жатыр өзен іргеңде тасып ағып
Шабыт алар көркіңнен ақын анық
Жыр жазсам ба баурыңда жатып алып.
Тау ішіне сіңеді ұзын жолдар
Көз тартады су шайған қызыл жондар
Қызылеспе атыңды қайта атасақ,
Алақайлап жұртың бар бүгін қолдар.
Қызылеспе,сыр шерткен қызыл жондар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу