Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  179


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Батырхан Төлебайұлының жанұясында

Дінге қайту-салып жатыр көп елге ой,
Діл тазарсын, тек түйеде жеңер бой.
-Мұсылмансың ба? Күмəнім бар, - дегенде,
-Куəһім бар, Əлхам
-ди
-лилла!-деген ғой.
Тойған тобам дəру болып бойыма,
Бір той беру келген еді ойыма.
Бекжан ұлдың қадамына гүл бітір,
Кел, мейманым, мұсылмандық тойына.
Əр шаңырақ өссін ұлы-қызымен,
Балалардың күлкі кетпей жүзінен,
Кел, мейманым, біздің отау күтеді,
Ақ дастархан, аппақ пейіл, тұзымен.
Айжан бастап, Əлжан қосып шуақты,
Шүкір құдай, жанұям əл-қуатты.
Шынымды айтсам он жыл күткен перзент ед,
Зарықтырған егемендік сияқты.
Батыр деген, хан деген де атым бар,
Гулетіңдер, көкке шампан атыңдар.
Қаласаңдар, отыз күн ойын ойнаңдар,
Қырық күн қонып, тойлап үйде жатыңдар.
Шаңырағым – ақ тілекке толсыншы,
Мыңнан-уəлі, қырықтан-қыдыр қонсыншы.
Өздеріңе бір той жасап берген соң,
Иығымнан жүк түскендей болсыншы!
Құдайға шүкір, туысқан да көп, жақын көп,
Қырдан да астым, сабыр сақтап, ақыл кеп,
Қазанның аузы жоғары! Тойды бастадым-
Бисмил-лəһир-рахманир-рахим-деп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу