Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
131

Ана тілін үйренушіге
Ана тілін үйренуге талпынған,
Айналайын, Лəззат деген алтыннан!
Абай атаң аруағы қолдасын,
Алла жар боп, айың тусын алдыңнан!
Ана тілің босағадан үйге енсін!
Əрбір қазақ қазақ тілін үйренсін!
Бесігінен ұлт қадірін салмақтап,
Ата дəстүр, ана тілін ардақтап,
Қаракөздер қаракөзге үйленсін!
Ана тілін ардақтаңдар, ағайын,
Жеңген қазақ қиындықтың талайын.
«Оқулық жоқ!» деген сөздер, далбаса,
Шын оқулық Мұхтар, Ахмет, Абайың!
Əрбір қазақ қазақшаны үйренсін!
Лəззат қызым, ел алдында сөйлесін!
Халық барда қазақ тілі өлшейді,
Керауыздар не десе де, бұ десін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇