Өлеңдер ✍️
Пайғамбарға тәжім
Арабта Əмірдің ап шарапатын,
Түсіртіп Пайғамбарға дара қатым.
Имани тірлік қылып, қажы атанды,
Көрем деп екі дүние рахатын!
Қараңыз, Елбасының қадіріне,
Шын ұнап Арабстан Əміріне.
Мұсылман елбасылар арасында,
Тек сол түсті Пайғамбар қабіріне.
Бата алып Яссауидей ұлы ақыннан,
Түркістаннан жебе боп бір атылған.
Жалына қол тигізбес ұлы Арыстан,
Нұрекең енді қайтпас сұрапылдан.
Өзі айтады: « сөйледі ғой жүрегім деп,
Мұхаммет қабіріне кірерімде.
Өз басыма жақсылық, байлық емес,
Халқымның тыныштығын тіледім» деп.
Əрине, бұл зиярат ақылға сын,
Иіліп кіргеннен соң батыр басың.
Тіледі ол: «Ұлы Əлем Мұхитында,
Алла Қазақ кемесін батырмасын!»
Қазақтың көзін тіккен бар малына,
Жау да көп, дұшпан да көп жан-жағында.
Жолатпа деп дүние жанжалына,
Сыйынды ол-ата -баба аруағына.
Хан тумайды қайтадан Абылайдай,
Қытай, Орыс сыйлаған жаны қалмай.
Əлемде қазақ тумас Нұрекеңдей,
Қасиетті Пайғамбар танығандай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter