Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  176


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Аруақтар риза ағаға

Абай, Жамбыл, Махамбет тойларында,
Шетелдің сан қонағы болғанында.
Қазақтың даласының кеңдігіне,
Көз жұмып, ауыз ашып таңқалуда.
Алланың нұры жауған бар маңына,
Қазақтың кім екенін аңғаруда.
Той-Құдай қазынасы деп ағайындар,
Бабаларға ас берер бар малына.
Дара туған қазақта сан алыптар,
Сəтбаев, Қастеевтер-далалықтар.
Рухани əлемнің бір ұшпағы,
Бекет Ата рухында даналық бар.
Аруақтар риза боп, тірі байып,
Солардың рухымен жылынайық.
Сыйынсаң қолдан құдай жасап емес,
Аруақты аталарға сыйынайық.
Бұл да болса Президент пікірі еді,
Қолдады, Юнесконы-бүкіл елі.
Кешегіңді ұмытсаң ертең ұрпақ,
Сенің де тірлігіңе түкіреді.
Қазақтың қайта оянып даналары,
Үлгі-өнеге алуда балалары.
Өткенге салауат деп қоя салмай,
Бұл -Президенттің оң көзбен қарағаны.
Саңлақтарды оятып санадағы,
Тойласын ауыл, қала-дала, бəрі.
Ұрпақтар жалғастығы сабақтасар,
Ақтаңдақтар шабылып арадағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу