Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
606
Шоқан Уәлихановқа
Ұлтқа шашып нұр шұғыла,
Ұлылықтың жарасымы.
Даналықтың тұр шыңында,
Уəлиханов – дара шыңы.
Ақыл, ойың, даналығың,
Ұлылықтан елес берген.
Жас та болса – саналығың,
Тереземді теңестірген.
Отыз жасың өз алдына,
Қарт бабадай алып тұлғаң.
Қазақты өзің көз алдымда,
Бар əлемге таныттырған.
Қайран Шоқан, асыл ағам,
Жұлдызымсың жанып тұрған.
Атың асып ғасырлардан,
Ұмытпайды халық туған.
Тұрса да азап, нелер төніп,
Өз үлесін алып тынған.
Өз отына өзі өртеніп,
Кең даланы жарық қылған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter