Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  139


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мұхтар Шаханұлына

Қазақ тілін кемсітеді надандар,
Оған менің беретұғын бағам бар:
Дəл қазақша жазып жүріп танылған,
Шаханұлын оқыңыздар, адамдар.
Аспан астын от жайлаған заман бар,
Таңдайына тұз басылған Арал бар.
Қарлығаштай су тасыған қанатпен,
Шаханұлын ардақтаңдар адамдар.
Саясатта сайқымазақ амал бар,
Ұлт жанына кір де жұққан қадам бар.
Желтоқсанда қазақ халқын қорғаған,
Шаханұлын батыр деңдер, адамдар.
Мен де өзімше жыр арнайтын шамам бар,
Мұхтар жырын жаттап өскен балам бар,
Поэзия аспанының жұлдызы ол,
Жұлдыздарға құрметпенен қараңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу