Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  280


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Жүсіпбек Аймауытовқа

Адам түгіл көрмеген темір шыдап,
Өтіпті-ау, басыңыздан небір сынақ.
Кітаптарың оралды атыңды алып,
Сөнбегенін дəлелдеп өмір шырақ.
Заманақыр өтсе де жерді кернеп,
Жендеттер оқ атса да сөндірем деп.
«Ақбілектей» аяулы роман боп,
Сөнбеді қайсар талант, ерлік еңбек.
Егемен еліміздің мол шуақты,
Шаттығы теңіз болып толқыны атты.
Төріне Қазақстан байтағының,
Жүсіпбек қайта жақты сол шырақты.
Қашаннан өлең-жырға құмар халық,
Оқыды кітаптарың құмарланып.
Мектепте, шəкірттердің қолдарында,
Тағы да кетті сөзің шырақ жағып.
Тағы да қазағыңды өрге сүйреп,
Сөздерің шуақ шашты көл-көсір боп.
Жүсіпбек –Ата қамқор көздерімен,
Қарайды Ұлт шырағы сөнбесін деп!
Халық қой барлығынан қалған шыдап,
Шыдаймыз келсе де алдан алуан сынақ.
Сөнбейді Жүсіпбектің аты мəңгі,
Талантты ер жүректен жанған шырақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу