Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  128


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Міржақып Дулатовқа

Əлі есімде, мен қатты қорқып тұрдым,
Тағдырына ақынның толқып тұрдым.
Сүйегін əкеліп ед Міржақыптың,
Түбінен тауып алып сор түкпірдің.
Қолға сап отыз жеті кісенін де,
Айдалып Сібір жүрді, кісі елінде.
Арулап көмген екен қара халық,
Қабірі табылыпты – түс, өңім бе?
Қаншама оқ атсаң да расында,
Кір жұқпайды екен ғой шын асылға.
Міржақып – елге келді, ұлтын, жұртын,
Көтеріп бір асудан бір асуға.
Тағдырын ойлап шықтым түніменен,
Жүрді ғой жүрегінде тұнып өлең.
Ішінен кебенектің ерді танып,
Халық жақсы көреді-ау шыныменен.
Қуаныш қой оралу – маған анық,
«Оян, қазақ!» даланы барады алып.
Алтынның шаңын сүртіп төрге қойдық,
Асыл еңбек, өмірі бағаланып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу