Өлеңдер ✍️
Дар алдында
Петрищево селосы іші еді бұл,
Қиыстап күн сəулесі түседі бір.
Екі күш – қаталдық пен нəзіктіктің
Бетпе-бет қарсы келген тұсы еді бұл.
Қара күш, қара құзғын, кеткен өктеп,
Əкеле жатыр қызды тек бөлектеп...
Айқасқан сұлулық пен жауыздық бұл,
Өлім мен өмір тұрды бетпе-бет кеп.
Жауыздық мойынға арқан салады ақыр,
Дем бітер, бітер өмір, дара батыр.
Уа, Отан, сенің нəзік қызғалдағың
Ажалдың ағашына бара жатыр.
Ерлік пен жалтақтықтың дəл күресі,
Өрлік пе – ол Зояның жан-дүниесі!
Тым-тырыс маңай түгел, халық үнсіз,
Жас қызда жауыздардың қалды несі?!
Қол-аяқ мұзға айналған, жанар мұңға,
Зоя бұл – аты кетер талай қырға.
Суретке жатты өздерін түсірісіп,
Жауыздар тұра қалып дар алдында.
Мазақты, күлкіні ол естімеді,
Денесін пышақпен жау тескіледі.
Хайуандық пен адамдық қатар тұрып,
Адамдықты хайуандық кескіледі.
Көмекке ешкім қолын соза алмады,
Асқақтап кете барды өз арманы.
Арманы алға ұмтылған халайыққа
Жеңістің күні жайлы сөз арнады.
Бітерде ұлы өмір соқпағы енді,
Батыр қыз кекті сөзін топқа берді,
Ер халықты кек буды. Қайсар сөздер
Жаулар үшін атылған оқтай еді.
Айтылды кекті намыс, кеткен өші,
Ұрпаққа жекізіңдер тек келесі.
Зояны өлтіруден нақ көрінді
Хайуандық фашизмнің бет-бейнесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter