Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  142


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ескерткіш

Халық кегін жоқтағандар
Ескерткіш боп тұр бүгін.
Қарсы барып оққа да олар,
Көрді майдан қырғынын.
Төгілген əн, шаттық күйлер,
Балдырғандар алғысы,
Бейбіт оттар бақытты үйлер
Үшін өлді сан кісі.
Енді олардың бастарында
Мəңгі алау жанады.
Жас ұландар – жас бауырлар
Салют беріп барады!
Ескерткішке гүл егеміз,
Басымызды иеміз.
Ерлікпенен жүрген егіз
Ағаларды сүйеміз.
Шыбын жанн қиды олар,
Қорғап туған ізгі Елді.
Болашақты сүйді олар,
Сүйді, демек, біздерді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу