Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
120
Пушкин
Ақынның ескерткіші ұнайды анық,
Ескерткіш – ұлы Пушкин тұр ойланып,
Алтын бас, айбыны артық Александр.
Жырымен жұмыр жерді жүр айналып.
Жаттады төрткүл дүние Пушкин атын,
Өлеңі бізге жетті ұшқын атып.
Ақ патша жандайшабы қалды былай,
Өлеңін түрмеге сап, күш қылатын.
Россия – өнерге, өлеңге Ана!
Өсуде құшағында нелер дана.
Қайнарбұлақ тазасы – ұлы Пушкин,
Əлемде ұлы Ақын жоқ, сенен дара!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter