Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
213

Галстук
Қызыл тудың бөлшегі,
Тудай көрем мен сені.
Галстугім ардақты,
Қастерлейді ел сені.
Сенде əке арманы,
Төккен тері, бар қаны.
Білем, сені ұнатпас
Отанымның жаулары.
Галстугім – серігім,
Кірлетпейміз, сақтаймыз,
Туған елдің сенімін
Абыроймен ақтаймыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter