Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  111


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Күз

Билігін айтып кенеттен,
Биіктен күзің сөйледі!
Жапырақтарды теректен
Ұшырды суық жел лебі.
Аспанның бұлты жүк артып,
Ырсиды бұта əр қырда.
Бояушы күз кеп, құмартып
Сары бояу жақты шалғынға.
Жусаны қурап амалсыз,
Тозаңы ұшты тақырдың...
Тірлігі осы мазасыз
Күз деген күрең батырдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу