Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
142
Далада жаңбыр, жаңбыр сіркіреген...
Далада жаңбыр, жаңбыр сіркіреген,
Шайқайды су-су басын сілкіп емен.
Самал мен су сыңғыры ұқсас екен,
Сылқ-сылқ еткен əдемі күлкіменен.
Ағаштар желге ашты омырауын,
Елең қып жатқан да жоқ оны жауын.
... Каникул бітпей қойды-ау, мектебімнің
Сағынып кеттім күміс қоңырауын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter