Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.05.2022
396
Жаз келді
Гүл-шешек қаптап өсті қырға ұласа,
Жарасар таудан бұлақ сылдыраса,
Па, шіркін! Жаз жайлаудың көркі қандай,
Жылқылар қырдан төмен құлдыраса.
Көбелек гүлден ұшқан, гүлге қонған,
Көңілің көпсінбесе мұны да аса,
Шадыман жас дəуреннің тойын тойлап,
Балалар дуылдаса, шуылдаса...
Көресің табиғаттың көп қызығын,
Далаға құмарлығың суынбаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter