Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  104


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Тіршілік

Төбемнен өтер, өтер көп
Тыраулап тырна тізбегі.
Қараймын бар ма екен деп
Артында қалған іздері.
Қараймын күнге еміне,
Жанымды жарқын жаз өпсін.
Тып-тыныш елдің көгіне
Қараған сəтке не жетсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу