Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  129


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қарт солдат

... Жеңді жауды, жылжып талай жыл өтті,
Туған жерге астық екті, гүл екті.
Алыс қалған жылдар бірақ есінде,
Ауыр соғыс тыншытпайды жүректі.
Қарт солдаттың қайғы, мұңы, наласы –
Қас жауының тəнге салған жарасы.
Еске түсер қанды майдан даласы
Қырық бір мен қырық бестің арасы.
Түс көреді: кездеседі досына,
Туған жердің айналған бір тасына,
Ертеңіне, жылап тұрып, сыр айтар
Досының кеп ескерткіші қасына!
Ет жүрегін қорғасынға тестірді,
Жастық шағы жорықтарда ескірді.
Жиырмасында батыр аты естілді,
Қуанышты өмірдегі кеш білді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу