Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  202


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Бауырларыма

Мен жүзде емеспінЖарым жастамын.
Өмірді түсіну заңын бастадым:
Ізетпен иілген іні-бауырлар,
Тік тұрып қарсы алған қарындастарым.
От пенен судан аман қалғаным,
Себебі, нəріңді маған да арнадың.
Шаңырақтар шайқалып кетпесінші деп,
Мықшиып уықтай қадалғандарым.
Жанталас көрсе де жол басында кім,
Анамыз Аруағы қолдасын бəрін.
Мейірім дегенде өріктей еріп,
Мықты бол дегенде-қорғасындарым.
Қозғаған жүректен ақынды əріден,
Жанымның жалауы жақындарым ең.
Ер жеттік ата-ана ақылдарымен,
Дəл сондай перзенттер батыр бəрінен.
Сүйемін өмірге келгенім үшін,
Мендегі сезімнің ең берігісің.
Екі əруақ, бір құдай ризамын саған,
Осындай бауырлар бергенің үшін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу