Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  181


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Күйшіге

Түсінген күйді сезіммен,
Таныған, терең білетін.
Тау қыран бүркіт өзің бе ең,
Түлкіні тастан ілетін.
Телміріп, аңқау балаша,
Таңқалып таңдай қағыстық.
Тартылған күй де тамаша,
Тартушы адам тағы ыстық.
Тойған қозыдай монтиған,
Танадай көзің томсарып,
Тұрысың, тұла бой тұлғаң,
Тұрғылас, туыс соншалық.
Темірдей төзім керекті-ті,
Тебіренбей тыңдап шығуға,
Тазалық дейтін теректің,
Тамырын басып ұғуға.
Тайғанақ құзбен жүргізді ой,
Тітірентіп ойлар беріле.
Тек əттең, біздер жүрміз ғой,
Түсінбей күйді көбіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу